СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

№ исх: Д-4275/19-01-7.14   от: 03.06.2019

№ вх: Д-2573,1   от: 04.06.2019

Нұр-Сұлтан қаласы                           №         2019 жылғы 20 мамыр

 

Қ.К. Тоқаев төрағалық етті

 

Қатысқандар:: А.Ұ. Мамин, М.М. Тажин, Б.А. Сағынтаев,                        Ә.А. Смайылов, Ж.М. Қасымбек, Г.Н. Әбдіқалықова, А.С. Есімов, Қ.Н. Қасымов, А.Ғ. Рақышева, Ғ.Д. Нұрдәулетов, К.Қ. Мәсімов, Н.Н. Годунова, А.Ж. Шпекбаев, Н.Б. Ермекбаев, Е.З. Тұрғымбаев, М.Б. Бекетаев, С.К. Омаров, К.Н. Шамшидинова, Р.В. Скляр, А. Мұхамедиұлы, Р.Е. Дәленов, А.Қ. Жұмағалиев, М.Қ. Баймұқашев, Ғ.Ө. Тілеубеков, М.Е. Дәуешов, Н.Е. Сауранбаев, Қ.С. Сейдгапбаров, М.Д. Досмұхамбетов, Ф.Ш Қуанғанов, А.И. Мырзахметов, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері және облыстар әкімдері (бейне-конференция байланысы арқылы).

 

 

Күн тәртібі:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы одан әрі іс-қимыл бойынша шаралар туралы

(Тоқаев, Шпекбаев, Омаров, Годунова, Ахметов, Көшербаев, Ақсақалов, Скляр, Жұмағалиев, Шамшидинова, Шөкеев)

 

 

  1. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж. Шпекбаевтың ақпараты назарға алынсын.
  2. Бағыныштысы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда, мемлекеттік орган басшысының міндетті түрде орнынан түсуін көздейтін бірінші басшылардыңдербес жауапкершілігіқағидаты тұжырымдамалық тәсілдердің бірі ретінде айқындалсын.

Мемлекеттік орган басшысына тиесілі міндеттемелерді орындау, егер орнынан түсуге заңнамамен белгіленген тәртіппен бас тартылатын жағдайда ғана, жалғастырылуы мүмкін.

 

  1. Үкімет:

1) Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен сындарлы өзара іс-әрекетін күшейтуге бағытталған шаралар қабылдасын;

2)бюджет шығыстарын жергілікті деңгейде жоспарлауға халық өкілдерін тарта отырып, 4-деңгейлі бюджетті қалыптастыруды аяқтауды қамтамасыз етсін.

  1. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Ә.А. Смайылов:

1) бір айлықмерзімдемына мәселелерді қарастырсын:

мемлекеттік сатып алуды өткізуде мемлекеттік саяси қызметшілердің араласуын болдырмайтын тетіктерді енгізу;

бюджеттік мекемелердің, әсіресе, әлеуметтік саладағы мекемелер басшыларын мемлекеттік сатып алуды өткізуден босататын оларға кешенді орталықтандыруды жүргізуді ұйымдастыру;

2)екі айлық мерзімдемемлекеттің тиімсіз имидждік жобаларға қатысуын болдырмауды қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру сапасына жауапкершілігі мен есеп беруін және бюджет қаражатын ұтымды пайдалануын күшейту мәселелерін пысықтау;

5.Әділет министрлігі халықты жалпыға бірдей құқықтық, әсіресе, заңнаманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларына оқыту бойынша жұмысты күшейтуді қамтамасыз етсін.

6.Білім және ғылым министрлігі балаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін шаралар кешенін әзірлесін және іске асырсын.

7.Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын цифрландырудыңуақтылы және сапалы аяқталуын, олардың электронды форматқа көшірілуін және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерің тиісінше біріктірілуін қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мобильді форматын ауқымды түрде дамытуды және азаматтарды Электронды үкіметпен (e-gov) жұмыс жасау дағдыларына жаппай оқытуды қызметтің негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындасын;

3) Бас прокуратурамен және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп,жүйелі шаралар, қажет болған кезде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды, сондай-ақ оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша бақылау шараларын қабылдасын.

  1. Бас прокуратура, Жоғарғы Сот (келісім бойынша), Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Ішкі істер министрлігі, Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу комитетіөз қызметтерінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің тиімді түрде алдын алатын қосымша тетіктерді әзірлеп, іске асырсын.

9.Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері:

1) республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының сапалы салынуын және жөнделуін жүйелі негізде қамтамасыз етсін;

2) Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен, Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу комитетімен бірлесе отырып, республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу және жөндеу саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған жүйелі шаралар кешенін әзірлесін.

  1. Ауыл шаруашылығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері халықты сапалы ауыз сумен жаппай қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық және практикалық қосымша шаралар кешенін әзірлеп, іске асырсын.

11.Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіхалықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бөлігінде Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыруға ықпал ететін жұмысты құзыретіне сәйкес жалғастырсын.

  1. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімыналарды қоса алғанда, мүдделі органдар мен ұйымдар өкілдерінен екі айлық мерзімде кеңесте қаралған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұсыныстар жөнінде Үкіметпен, Президент Әкімшілігімен және Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратымен келісілген, біріктірілген шешімдерді әзірлейтін ведомствоаралық жұмыс тобын (бұдан әрі – ВАЖТ) құрсын:

1) бағыныштылары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасайтын жағдайда, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орнынан түсу институтын іске асыру тетіктері;

2) үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, нормативтік-құқықтық актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы институтын қалпына келтіру;

3) заңсыз байығаны үшін жауапкершілікті енгізу орындылығы;

4) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілердің шығыстарын декларациялау және тиісті декларацияларды міндетті түрде жариялау орындылығы;

5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыруды тездету, оның ішінде бюджетті жоспарлау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік органдардың қызметін толықтай электронды форматқа көшіру және деректер базасын біріктіруді жеделдету;

6) экономикадағы мемлекеттік қатысуды азайту, оның ішінде босаған қаражатты мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын көтеруге бағыттай отырып, мемлекеттік органдардың ведомствоға бағынысты ұйымдарының санын қысқарту;

7) жария құқықтағы заңды тұлғалар институтын енгізу және оларға жекелеген мемлекеттік функцияларды беру;

8) көлеңкелі экономика көлемін азайту бойынша шаралар кешенін қабылдау, оның ішінде қолма-қол ақша айналымына шектеулер енгізу;

9) бақылау-қадағалау органдарының штат санын қысқарту;

10) бірінші кезекте құқық қорғау және бақылау-қадағалау органдарының қызметкерлері үшін адалдығын тексеру институтын енгізу орындылығы;

11) адалдықтың корпоративтік стандарттарын сақтау үшін жауапты комплаенс-қызметтер институтын енгізу;

12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактілері туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеу жүйесін жетілдіру;

13) білім берудің барлық деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша міндетті оқу пәнін енгізу;

14) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағандығы үшін тәркіленген қаражат пен мүлікті әлеуметтік мұқтаждықтарға тікелей пайдалану мүмкіндігі (сырқаты ауыр балаларды емдеу, көп балалы аналарды және мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдау);

15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы базалық стандарттарды ұлттық заңнамаға енгізуге бағытталған халықаралық-құқықтық бастамаларды одан әрі біріктіру (Қазақстан Республикасын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына (ГРЕКО) және «Ашық үкімет» бастамасына қосу, Алматықаласында БҰҰ ҚЕБ Өңірлік кеңесшісінің кеңсесін ашу);

16) мемлекеттік органдарда смартфондардың пайдаланылуына салынған тыйым салуды алу;

17) мемлекеттік аппараттың штат санын оңтайландыру есебінен факторлы-балл шкаласын және бонустарға негізделген еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшуі;

18) жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының аумақтарды дамыту бағдарламалары мен меморандумдарын сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту серпінін көрсететін индикатормен толықтыру;

19) «Сыбайлас жемқорлықтан таза өңірлер» жобасын сапалы әрі тиімді іске асыру;

20) Нұр-Сұлтан қ. қолданылатын Ашық бюджеттердің интерактивті картасы жобасын барлық өңірлерге тарату;

21) бюджетті жоспарлау тиімсіздігінің және ұтымсыздығының алғышарттарын болдырмай отырып, оның тәсілдерін қарастыру.

Ұсыныстарды әзірлеген кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы одан әрі іс-қимыл бойынша шаралардың тұжырымдамалық негізі адалдық идеологиясы және олардың заңнамада толықтай көрсетілуіне және тәжірибеде жүйелі түрде іске асырылуына байланысты, жазалау шараларының жеткіліктілігі болып табылатындығын ескеру керек.

ВАЖТ жұмысының нәтижелері туралы ақпарат белгіленген тәртіппен Президент Әкімшілігіне жолдансын.

  1. Осы хаттаманың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігінежүктелсін.

 

 

Қазақстан Республикасының

       Президенті                Қ.Тоқаев