ЦИФРЛЫҚ АГЕНТ

  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Цифрлы агент» (Digital agent) мобильді қосымшасы іске қосылып, 2018 жылдың қараша айынан бастап жұмыс жасауда.

 Бұл қосымшаның ерекшелігі – қызмет алушылар Халыққа қызмет көрсету орталығынан қызмет алу сәтінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына баға бере алады. 

 Азаматтардың аталған мобильдік қосымшаны Play Market немесе App Store сервистері арқылы жүктеу мүмкіндігі бар.

 Аталған қосымшаның мүмкіндіктері Жетісай ауданында кеңінен насихатталуда. Ауданның көрнекі жерлеріне мобильді қосымша жайлы жасалынған билбоардар ілінді. (суреттер)

 Сонымен қатар, мобильді қосымшасыны кеңінен таралу мақсатында арнайы жасалынған брошюралар халық көп шоғырланатын жерлерде атап айтсақ алаңда, Халыққа қызмет көрсету орталығы және базар маңайында тартылып мобильді қосымша жайлы түсіндірілді.

 Аудан әкімі аппаратының үлкен залында аудандық дербес бөлімдер және оларға бағынысты ұйымдардың , қала, кент және ауылдық округтердің қызметкерлеріне «Цифрлы агент» (Digital agent) мобильді қосымшасын мүмкіндіктері жайлы түсіндіріліп , қолдану үйретілді.

 Сонымен қатар, Жетісай қаласының орталық көшесіндегі LED экранға жарнама ілінді.