АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ

Жетісай ауданының  2019-2021 жылдарға арналған 

 Азаматтық бюджеті

Жетісай ауданының  2019-2021 жылдарға арналған 

 Азаматтық бюджеті

 

 

Айлық есептік көрсеткіш:  2019 жылы – 2 525 теңге, 2020 жылы – 2 613 теңге және 2021 жылы – 2704 теңге(АЕК).

 

Көрсеткіштер 2018 ж 2019 ж
Ең төменгі күнкөріс 24775 29698
Ең төменгі зейнетақы мөлшері 33745 36108
Базалық зейнетақы 15274 16037
Ең төменгі еңбек ақы мөлшері 28284 42500

 

 Ауданның бюджетіне түсімдер мен шығыстары

 

Ауданның  бюджеті Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/347-VІ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4843 нөмірмен тіркелген шешіміне және 2019-2021 жылдарға арналған болжамды аудандық бюджеттік параметрлерге сәйкес жинақталған.

 

                                                          Түсімдер

 

Ауданның 2019 жылдарға арналған бюджет табыстарының болжамды көлемін құрастыру кезінде ауданның 2018  жылғы аудандық бюджет табыстарын орындау туралы есеп беру мәліметтері ескерілді.

Аудандық бюджет табысының болжамы бойынша  (трансферттердің түсуін есептемегенде) 2019 жылға 2 275 560 мың теңге сомасында белгіленді. Аудандық бюджеттің табысының болжамы (трансферттердің түсуін есептемегенде) 2020 жылға 1 464 940 мың теңге сомасында белгіленді, 2021 жылға  – 1 224 746 мың теңге.

Ауданның бюджетіне облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген 2019 жылға облыстық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенция көлемі толық түрде белгіленген және қаржылық жыл бойы  өзгертуге енгізілмейді және   16 944 991 мың теңге сомасын құрайды.

Ауданның 2019-2021 жылдарға арналған бюджетінде облыстық бюджеттен мақсатты трансферттердің түсімдерінен 2019 жылға 15 410 271,0 мың  теңге сомасында, 2020 жылға 5 143 145,0 мың теңге сомасында, 2021  жылға  2 452 463,0 мың   теңге сомасында қалыптастыру көзделген.

Жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын шектеу мақсатында, 2019 жылға  халық саны 2000-нан адамнан астам  ауылдық округ әкімдерінің дербес бюджеттері бекітіледі, олардың санатына Жетісай қаласы, Асықата кенті, Жаңа ауыл, Жылы су, Қазыбек би, Қарақай, Абай, Атамекен, Шаблан Ділдабеков, Жолдасбай Ералиев, Қызылқұм, Мақталы, Ынтымақ, ауылдық округ әкімдіктері.

Қала, кент және ауылдық округ бюджеттер деректері ағымдағы жылғы нақты салық түсімдерінен қалыптасты, олардың көлем құны 295 495 мың теңге, бұл ретте бюджеттің шығыс бөлігінің есептелген сомасы 4 497 380,0 мың теңге. Ауылдық бюджетті қамтамасыз ету деңгейін теңестіру аудандық бюджеттен бөлінген субвенция мөлшері  3 713 867,0 мың теңгені құрады.

 

2019 жылғы аудандық бюджет қала, кент, ауылдық округтер бюджеттер  деректерін есепке алмай әзірленген.

мың.теңге

Атауы 2019 жыл (жоспар) 2020 жыл (жоспар) 2021  жыл (жоспар)
Кірістер, оның ішінде: 2 275 560 1 464 940 1 224 746
Салықтық түсімдер 2 240 257 1 429 669 1 190 923
Салықтық емес түсімдер 12 484 12 652 12 813
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 22 819 22 619 21 010
Трансферттер түсімі,

оның ішінде:

32 526 503 22 088 136 19 397 454
 Заңнаманың қабылдауына байланысты ысырапты өтеуге арналған трансферттерубвенция) 17 116 232 16 944 991 16 944 991
    Трансферттер 15 410 271 5 143 145 2 452 463

 

Салықтық түсімдерге жататындар:

Жеке табыс салығы

Әлеуметтік салық

Мүлік салығы

Жерге салық

Көлік құралдарына салық

Табиғи және басқа қорларды пайдаланғаны үшін түсімдер

Салықтық емес түсімдерге жататындар:

Мемлекеттік меншіктен түскен табыстар

Негізгі капиталды сатудан түскен табыстар

Трансферттердің түсімдері

 

Шығыстар

 

Аудандық бюджеттің 2019-2021 жылдарға арналған шығысы 2019 жылға – 34 843 605 мың теңге, 2020  жылға – 23 553 076 мың теңге, 2021 жылға – 20 622 200 мың теңге сомасында белгіленді.

                                                                                               мың.теңге

Атауы 2019 жыл (жоспар) 2020 жыл (жоспар) 2021 жыл (жоспар)
Шығындар 34 843 605 23 553 076 20 622 200
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер 216 668 187 949 188 829
Қорғаныс 62 139 64 795 65 209
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметі 27 950 16 840 17 739
Білім 20 012 120 13 903 082 11 005 734
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету 6 075 276 1 803 525 1 418 468
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 2 197 074 1 181 886 1 399 238
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңестік 447 067 409 247 413 249
Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану 297 234 1 500 000 1 500 000
Ауылдық,су,орман,балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 324 288 334 158 345 599
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 66 784 57 048 57 312
Көлік және коммуникация 947 594 285 061 285 163
Басқалары 453 708 15 328 15 554
Борышқа қызмет көрсету      
Трансферттер 3 715 703 3 794 157 3 910 106

 

 Ауданның 2019-2021 жылдарға арналған бюджетінің басым шығыстары

 

Әлеуметтік сала

 

Әлеуметтік блокқа шығыстар 3 функционалдық топтан тұрады, атап айтқанда: білім, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік.

2019 жылға әлеуметтік  салаға шығыстар тұтастай алғанда жалпы шығыс көлемінің  76 пайыз  немесе 26 534 463   мың  теңге, 2020 жылға –  жалпы шығыс көлемінің 68 пайыз немесе  16 115 854 мың  теңге 2021 жылға –  жалпы шығыс көлемінің 62 пайыз  немесе  12 837 451 мың  теңгені құрайды.

 

Білім

 

«Жалпы білім беру» бағдарламасы бойынша 2019 жылы – 14 485 158 мың теңге қарастырылған. Ауданда 70 мектеп жұмыс істейді, оның 69-орта мектеп және 1 – негізгі мектеп.

 

Атауы 2019 жыл (жоспар) 2020 жыл (жоспар) 2021 жыл (жоспар)
Оқулықтарды, оқу-әдістемелік жинақтарды сатып алу және жеткізу 429 142 373 687 299 845

 

«Балаларға қосымша білім беру»  бағдарламасы бойынша үш жылдық кезеңге шығыстар –   308 305 мың теңге : 2019 жылы – 109 521 мың теңге, 2020  жылы –  98942  мың теңге , 2021 жылы – 99842 мың теңгені құрайды.

 

 

Әлеуметтік қамту және әлеуметтік көмек.

 

Ауданның 2019-2021 жылдарға арналған бюджетінде әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандару саласына 2019 жылға –  6 075 276,0  мың теңге, 2020 жылға –  1 803 525,0 мың теңге,  2021 жылға –  1 418 468,0 мың теңге қарастырылған.

 

2019 -2021 жылдарға әлеуметтік қамту және әлеуметтік көмекке шығыстар

  мың.теңге

Шаралардың атауы 2019  жыл 2020 жыл 2021 жыл
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 4 304 616 740 978 309 229
Жұмыспен қамту бағдарламасы 718 420 211 435 223 914
Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету 32 770 31 854 34 084
Тұрғын үйге көмек көрсету 25 500 27 795 30 297
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек 163 129 132 683 140 592
Үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету 5000 5 350 5 725
Мұқтаж азаматтарға үйден әлеуметтік көмек көрсету 167 449 149 897 150 576
Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету 313 885 242 086 259 032
Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету 81 605 50 314 50 889

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

 

2019 жылы –  447 067 мың теңге, 2020 жылы –   409 247 мың теңге, 2021 жылы – 413 249  мың теңге қарастырылған.

 

2019 жылға негізгі шығындар

мың.теңге

Шаралардың атауы Сомасы
Мәдени-демалыс жұмысын қолдау 128 832
Аудандық кітапханалардың жұмыс істеуі 78 530
Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту 8 282
Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту 111 644
Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткізу 1600
Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы 6300

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында үш жылдық кезеңге 3 792 209,0 мың теңге қарастырылған, оның ішінде  2019  жыл –    2 197 074,0 мың теңге, 2020 жыл –  1 181 886,0 мың теңге, 2021 жыл –   1 399 238,0 мың теңге.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының 2019 -2021 жылдарға белгіленген шығындары

мың.теңге

Шаралардың атауы

 

2019 жыл 2020 жыл 2021 жыл
Тұрғын үй шаруашылығы 733 886 354 039 877 005
Коммуналдық шаруашылық 1 066 342 617 880 302 280
Елді мекендерді көркейту 396 846 209 967 219 953

 

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғат аумақтары, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

 

Аудандық бюджет  қаражаты есебінен жалпы сомасы 324 288   мың теңге бөлінді, оның ішінде:

 

         мың.теңге

Шаралардың атауы Сомасы
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру 6 000
Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу 2 500
Жануарлардың энзоотикалық ауруларды бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу 14 004
Ауыл шаруашылығы жануарлардың сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу 1 278

 

Эпизоотияға қарсы шаралар өткізуге 94 411

 

 

Көлік және байланыс

 

Көлік және коммуникация саласындағы шығындар ауыл, кент, ауылдық округтер мен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыс істеуі бойынша шараларды қаржыландыруға бағытталатын болады және 2019-2021 жылдарға құрайды:

                                                                                                     мың.теңге

Атауы

 

2019 жыл 2020 жыл 2021

жыл

Көлік және коммуникация саласы 947 594 285 061 285 163