“ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ” ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

2019 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен Жетісай ауданында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтеді.

Акцияның мақсаты — халыққа білікті, тегін заң көмегін көрсету.
Құрметті тұрғындар, Сіздерге кәсіби адвокаттар мен нотариустар, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметшілері оның ішінде, білім, денсаулық, еңбек, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы, жер салалары бойынша білікті де тәжірибелі мамандар құқықтық кеңестер беретін болады.

Өткізілу күні: 22 қараша 2019 жылы, басталу уақыты: сағат 11:00.
Өткізілетін орны: Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, С.Қожанов көшесі, №232 үй (Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы халыққа қызмет көрсету бойынша Жетісай аудандық бөлімі)

Анықтама үшін телефондары: 87011927010, 87018638282

Құрметті аудан тұрғындары, Сіздерді жалпы республикалық акцияға белсенді түрде қатысуға шақырамыз!!!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған