11 жасар Мейрамбек марапатталды

 

Бүгін Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев 2 жасар баланы өлімнен арашалап қалған жетісайлық 11 жасар Мейрамбек Бекназарды қабылдап, алғыс хат табыстап, сый-сияпат көрсетті. Естеріңізге сала кетейік, бұл оқиға 2019 жылдың 2 сәуір күні сағат 19:40 шамасында Жетісай қаласы А.Қалыбеков көшесінде орын алған болатын. 2 жасар ойын баласы №57 тұрғын үйдің сыртында орналасқан кәріз жүйесінің шұңқырына абайсызда құлап кеткен. Осы мезетте 2008 жылы туған 5-сынып оқушысы Бекназар Мейрамбек еш ойланбастан, дереу құдықтың ішіне түсіп, лас су мойын тұсына келгеніне қарамастан, суға тұншығып жатқан 2017 жылы туған 2 жасар Бақытбек Сабыржанды су тола шұңқырдан аман алып шығады.

 На данном изображении может находиться: 2 человека, люди улыбаются, в помещенииІле-шала С.Бақытбек аудандық ауруханаға жеткізіліп, қазіргі таңда оның денсаулығы жақсы, ем қабылдауда. Бүлдіршіннің өмірін арашалап қалған Мейрамбек Мұсаұлы Жетісай қаласындағы №2 Шоқан Уәлиханов мектебінің 5 «а» сыныбында оқиды. Әкім қабылдауына Мейрамбектің ата-анасы да арнайы шақыртылып, оларға аудан әкімінің атынан алғыс хат табысталды.
(с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Қуаныш Әуелбеков

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған