Абай ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидаттар ұсынылды

 

Бүгін Жетісай ауданы Абай ауылдық округiнде жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысы өтiп, округ әкiмiнiң лауазымына кандидаттар ұсынылды. Кездесу жұмысын Жетісай ауданының әкiмi Жамантай Бейсенбаев жүргiзіп, жұртшылыққа үміткерлерді таныстырды.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36 бабына сәйкес 2019 жылғы 9 сәуірдегі Абай ауылдық округі жергілікті қоғамдастық мүшелерінің келісімімен төмендегі қандидаттар ұсынылды. Олар: Жетісай ауданы Қызылқұм ауыл округі әкімі аппаратының бас маман есепшісі Әбдікерім Оңғарбай Жанәділұлы, Жетісай ауданы Абай ауылдық округі әкімінің орынбасары Танабаев Нұрғали Жүсіпұлы, сондай-ақ, Тілеуов Қанат Жолбарысұлы.
Жиын барысында қоғамдастық мүшелері және ауыл тұрғындары ұсынылған кандидаттарға сенім білдіріп, бірқатар ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған