ЖАС ТАЕКВОНДОШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ !

2019 жылдың наурыз айының 17-20 күндері аралығында Түркістан қаласында таеквондо дан балалар, кадеттер және жастар арасында өткен Сүйіліш батырды еске алуға арналған республикалық турнирге, Жетісай ауданының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 18 жас таеквондошылары қатысып келді. Республикалық турнирде еліміздің барлық облыстарынан және өзге елдерден Тажікстан, Өзбекстан республикаларынан келген жалпы 44 командадан 800 жас жекпе-жек шеберлері өз бақтарын сынады.Турнир қорытындысы бойынша №1 БЖСМ-нің 5 спортшысы турнирдің жеңіс төрінен көрінді.
І-орын .
Қабылбек Ұлдана 12-14 жас 59 кг.
ІІІ-орын.
Қадиралиева Айдын 10-11 жас 22 кг.
Ордабай Дана 12-14 жас 33 кг.
Жұбай Аружан 12-14 жас 47 кг.
Айдаров Тұрар 12-14 жас 65 кг.
Осы аталған жарысқа спортшыларымызды ауданымыздың білікті бапкері ЖҰДТ Гаухар Құрманбаева бастап алып барып келді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған