«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

 

«Нұр Отан» партиясы Жетісай аудандық филиалының кезекті IV конференциясы өтті. Конференцияны «Нұр Отан» партиясының Жетісай аудандық филиалының төрағасы Жамантай Бейсенбаев ашып, жүргізіп отырды.
Конференцияға аудандық партия филиалының саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, партия ардагерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Конференцияның күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Соның бірі – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр отан» партиясының кезекті ХVIІІ съезінде берген тапсырмаларының орындалу барысын талқылау болатын. Сондай-ақ, жиын барысында «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XXXVIІ конференциясына делегаттар сайлау мәселесі қаралды.

(с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған