Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің  бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің

 бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 140-бабының  2-тармағына сәйкес, Жетісай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Жетісай ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына  сәйкес  белгіленсін.

  1. «Жетісай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

3)  осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Жетісай ауданында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді.

4) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Құрманға жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                               Ж.Бейсенбаев

 

 

 

 

 

Жетісай ауданы әкімдігінің

2019 жылғы 1 наурыздағы №221

қаулысына 1-қосымша

 

 

Аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза кірісінің

бір бөлігін аудару нормативі

 

 

1.Аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар үшін-таза кірістің 45 пайызы мөлшерінде.

  1. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігі кәсіпорынның дамуына жұмсалады.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 04.03.2019

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 4920 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Аппарат акима Туркестанской области – Руководитель отдла Нурбахыт Аскарович Егизбаев, 20.02.2019 12:44:49, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Департамент юстиции Туркестанской области – руководитель Мухит Бекетович Тургараев, 27.02.2019 16:14:09, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Результаты подписания

Аппарат акима Туркестанской области – Аким района Жамантай Ханайевич Бейсенбаев, 01.03.2019 15:45:01, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған